Әмеңгерлік: дала заңы мен шаңырақ қорғаны
Қазақ даласының желі үзілмес бірлігі мен әулеттік қорғанының тарихы сан ғасырлардан сыр шертеді. Жауға шапқан батырдың орны босаса, шаңырағын желге ұшырмаудың, жесір мен жетімді аяусыз тағдырдың иініне тапсырмаудың ұлы заңы бар еді. Бұл заңды біз әмеңгерлік дәстүрі деп атаймыз. Бұл қарапайым әдет-ғұрып емес, қазақ қоғамының тұтастығын сақтаған тарихи қорған.
Әмеңгерліктің мәні мен тарихи парызы
Әмеңгерлік қайтыс болған ағасының немесе бауырының жесірін туған бауырының алуы, яғни оның отбасына қамқорлық жасау мен асырап-бағу міндеті. Бұл дәстүрдің басты мақсаты жесір қалған әйелдің тағдырын қиындатпай, оны өз әулетінде қалдыру арқылы отбасын бұзбай, туыстық байланыстарды сақтау. Әмеңгерлік әлеуметтік және моральдық құндылықтарды нығайтып, қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ұлы парыз болды.
Қазақ қоғамындағы патриархал жүйе жесір әйелдердің меншікті жағдайын қамтамасыз етті. Жесір әйелді басқа отбасына берудің өзі оның мен балаларының тағдырын белгісіздікке итермелеітіні белгілі еді. Сондықтан туған бауырының қамқорлығында қалдыру ең тиімді де адамгершілік шешім болған.
Дала заңының жүзеге асуы
Қазақ қоғамында әмеңгерлік рәсімі бірнеше кезеңнен тұрды. Жесір қалған әйелдің келісімін алу ең маңызды шарт еді. Егер әйел келісім берсе, қайтыс болған күйеуінің туған бауырына тұрмысқа шыққан. Егер қарсы болса, басқа шешім қабылдауға құқылы болған, алайда бұл құқық көп сақтала бермеген. Сондайақ әмеңгерлік тек ағасының жесіріне емес, жалпы туыстық байланыстарға да қатысты болды. Қайтыс болған ер адамның жесірі болмаса, оның жесір қалған апасына немесе әпкесіне де қатысты болуы мүмкін еді.
Тарихшы ғалым Халел Арғынбаев былай дейді:
Жесір әйелге күйеуінің барлық туысы әмеңгер болып есептеледі. Бірақ, олардың құқы туыстық жақындығына байланысты болады. Ең алдымен күйеуінің бірге туған аға, інісі, ағасының баласы, немере, шөбере туысқандары, одан қала берді аталас жақындарының жесірге иелік етуге әмеңгерлік қақы болатын. Мұның өзі қалың мал төленіп алынған әйел тек өзінің күйеуінің ғана емес, онымен бірге барлық туысының, тіпті рулы елдің иелігіне көшетінінің анық айғағы.
Профессор Серғазы Қалиев өзінің ғылыми еңбегінде бұл дәстүрдің терең мәнін ашып көрсетті:
Қазақтың әмеңгерлік салты қара жамылған шаңырақтың өмір талқысының құрбаны болып кетпеуін көздеуден туындағанын дәлелдейді. Әмеңгерлік салты жасы келген, үйлібаранды, балалышағалы әйел жесір қалғанда қолданылмайды, тек жас, әлі де бала туа алатын әйелдерге жүреді.
Кеңес империясының дала заңына шабуылы
Кеңес өкіметінің қазақ дәстүрлеріне жасаған шабуылы бұл ретте де айқын көрінеді.