«Ортақ тағдыр»: Тоқаев Қытаймен әріптестікті «теңдессіз биікте» деп бағалады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Синьхуа» агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы қазіргі таңда «теңдессіз жоғары деңгейде» екенін мәлімдеді. Астана мен Бейжің арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік жаңа мазмұнға ие болып, ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері ашылып жатыр.
Мемлекет басшысы екі елді ұзын шекара мен ғасырлар бойғы тату көршілік тарихы біріктіретінін атап өтті. «Жолы бірдің - жүгі бір» деген қазақтың аталы сөзін еске салып, бұл әріптестік халықтардың түпкілікті мүддесіне сай келетінін және бүкіл Еуразия кеңістігіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызды факторы екенін жеткізді.
Стратегиялық әріптестік қандай салаларды қамтиды?
Тоқаевтың айтуынша, тұрақты саяси диалог қазақ-қытай стратегиялық әріптестігінің негізгі өзегіне айналды. Бұл әріптестік сауда, инвестиция, энергетика, көлік, өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, медицина, ғылым, білім және мәдениет сияқты барлық негізгі саланы қамтиды.
Екіжақты сауда көрсеткіштері жаңа рекордтар орнатып жатыр. Қытай Қазақстанның сыртқы сауда серіктестері арасында бірінші орында тұр. Көлік және логистика саласы стратегиялық бағыттардың біріне айналды.
Орта дәліз неге басым бағытқа айналды?
Қазақстан Шығыс пен Батысты жалғайтын табиғи көпір іспетті. «Қытайлық серіктестерімізбен бірлесе отырып, біз бұл географиялық артықшылықты еуразиялық ауқымдағы заманауи көлік-логистикалық инфрақұрылымға айналдырып жатырмыз», - деді президент.
«Бір белдеу, бір жол» мегажобасын, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, жаңа теміржол желілерін салу, құрғақ порттар мен логистикалық терминалдарды кеңейту Азия мен Еуропа арасындағы көлік байланыстарының мүлдем жаңа конфигурациясын қалыптастыруда.
Ынтымақтастықтағы басым бағыт - Транскаспий халықаралық көлік бағыты немесе Орта дәліз. Ол Қытай мен Еуропа арасындағы көлік қатынасының маңызды буынына айналып келеді. «Біздің ортақ міндетіміз - бұл бағытты барынша бәсекеге қабілетті ету. Сондықтан біз