Жүрегімнің жеңімпазы: 4 500 жүрек бір мақсатқа соқты
Астанадағы старт алаңында 4 500 жүрек бірге соқты. Олар медаль үшін емес, біреуге екінші өмір сыйлау үшін жиналды. Біреу бір шақырым, енді бірі үш, ал тағы бірі он шақырым жүгірді. Барлығының мақсаты бір: донорлық пен трансплантацияны насихаттау және күту парағында тұрған пациенттерге қолдау көрсету.
Қазақстандағы трансплантология қалай дамып жатыр?
Қазақстандық трансплантология соңғы жылдары айтарлықтай қарқын алды. 2012 жылы көрнекті кардиохирург Юрий Пяның жетекшілігімен елде алғаш рет жүрек трансплантациясы сәтті жасалды. Ал 2025 жылы дәрігерлер 100-ші мерейтойлық жүрек трансплантациясын орындады.
Heart Center Foundation қорының директоры Мұрат Зауыровтың айтуынша, оң динамика айқын көрініп тұр. 2023-2024 жылдары жыл сайын 3-4 трансплантация жасалса, 2025 жылы тек жүрек трансплантациясының өзі 15 рет жасалды. Бұдан бөлек, басқа ағзалар бойынша 60-тан астам операция жүргізілді.
Донорлыққа неліктен ерекше назар аудару қажет?
Мұрат Зауыров бүгінгі жарыстың маңызын ерекше атап өтті. Оның пікірінше, мұндай іс-шаралар қоғам, заң шығарушы органдар мен медицина қауымдастығы арасында диалог орнатып, күрделі тақырыптарды ашық талқылауға мүмкіндік береді.
«Біз трансплантацияны насихаттамаймыз, адамдардан донор болуға келісім беруді немесе одан бас тартуды сұрамаймыз. Біз үшін ең маңыздысы: адамдардың осындай іс-шараларға келіп, трансплантация және қайтыс болғаннан кейінгі донорлық сияқты күрделі тақырыптарды еркін әрі ашық талқылай алуы», - деді Зауыров.
Кардиохирург Юрий Пя да осы пікірді қостайды. Оның айтуынша, ауруы асқынған, соңғы сатыдағы пациенттер үшін трансплантация жалғыз мүмкіндік. Сондықтан мұндай іс-шаралар адамдарды донорлыққа ынталандырып, оның маңызын түсіндіруге жол ашады.
Kaspi.kz қандай қолдау көрсетті?
Биылғы жүгіру фестивалінің бас серіктесі Kaspi.kz болды. Бұл кездейсоқ емес. Өткен жылы елдің инновациялық компаниясы UMC Жүрек орталығы мен Heart Center Foundation қорына ALEM (Astana Life Ex-situ Machine) бірегей жүйесін әзірлеуге қолдау көрсеткен еді. Бұл аппарат донорлық ағзаларды адам денесінен тыс жағдайда сақтауға, емдеуге және тасымалдауға мүмкіндік береді.
Kaspi.kz-тің 32 қызметкері жарысқа қатысты. Олардың арасында кәсіби жүгірушілер де, алғаш рет жүгіргендер де болды. Компания қызметкері Жаннура Қайназарова өз әсерімен бөлісті:
«Kaspi.kz арқасында