Сирек аурумен ауыратын қазақ балалары: дәрі тізімнен алынды
Денсаулық сақтау министрлігі сирек генетикалық ауруы бар балаларға қажет өмірлік маңызы бар дәрілерді амбулаторлық тізімнен алып тастады. Бұл шешім науқас балалардың ата-аналарының наразылығын тудырды. Ата-аналар министр Ақмарал Әлназаровадан балалардың үмітін үзбей, үйреншікті дәрілерін беруін сұрап отыр.
Ата-аналар неге үндеу жасады?
Ұлттың болашағы, қазақтың ұрпағы болып табылатын әрбір бала мемлекеттің мықты қорғауын қажет етеді. Алайда қазір жұлын бұлшықет атрофиясы мен Дюшенн бұлшықет дистрофиясы диагнозы қойылған сәбилердің ата-аналары дабыл қағып отыр. Министрліктің біржақты шешімімен «Нусинерсен» және «Аталурен» секілді қымбат, өмірлік маңызы бар препараттар мемлекеттік сатып алу тізімінен шығарылды. Комиссия отырысында бұл шешім бірауыздан мақұлданған, бірақ оның қандай негізде қабылданғаны белгісіз. Кеңестік дәуірдің салқын қатыгездігі енді қайталанбауы тиіс. «Біз үшін