Сауда жолдарының жаңа дәуірі: Wildberries жеткізу модельдері
Көшпелілердің ұлы сауда жолдары мәңгі өшпес мұра қалдырды. Бүгінде сол сауда рухы цифрлық форматта жаңғырып, қазақстандық нарықтың жаңа кезеңіне бойлай бастады. Wildberries платформасы жеткізудің жаңа модельдерін, яғни DBS, EDBS және Click&Collect жүйелерін іске қосып, еліміздің сауда инфрақұрылымын түбегейлі өзгертуде. Бұл жаңалық сатып алушыларға ғана емес, жергілікті кәсіпкерге де ерен мүмкіндіктер ашып отыр.
Икемділік: жаңа замананың талабы
Қазақстанның сауда нарығы қарқынды өзгеріп жатыр. Бұрынғы қатаң, икемсіз кеңестік жүйелерден айырмашылығы, қазіргі қазақстандық кәсіпкерлік еркіндікті, жылдамдықты және икемділікті талап етеді. Жоғары бәсекелестік жағдайында омниканалдылық өсімнің басты факторына айналып отыр. Онлайн сауданы офлайн бөлшек саудамен біріктіру бизнеске айналымды еселеп арттыруға мүмкіндік береді. Осыған орай, Wildberries Қазақстанда сатушыларға өз билігін көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа форматтарды ұсынды.
Жаңа сауда модельдері қалай жұмыс істейді?
Платформа ұсынған үш модель еліміздің сауда картасын жаңаша сызады:
- DBS (Delivery by seller). Сатушының тауарды өз күшімен жеткізуі. Жеке дүкендері мен қоймалары бар бизнес үшін ыңғайлы модель. Wildberries витринаға айналып, сатушы тапсырысты тікелей клиентке жеткізеді.
- EDBS (Express delivery by seller). Тауарды 1 сағаттан 4 сағатқа дейінгі мерзімде жедел жеткізу. Сыйлық, гүл немесе азық-түлік сияқты лезде қажет заттар үшін таптырмас шешім.
- Click&Collect. Сатып алушы тауарға онлайн тапсырыс беріп, сатушының дүкенінен өзі барып алатын модель. Бұл дәстүрлі сауда нүктелерін цифрлық экожүйеге біріктіреді.
Бұл модельдер нарыққа мүлде жаңа санаттарды шығаруға жол ашты: ірі габаритті техника, жиһаз, тез бұзылатын азық-түлік және дайын тағамдар. Енді логистикалық тосқауыл жойылып, қазақстандық тауар өндірушінің мүмкіндігі кеңейді.
Тұтынушы талабының жаңа биігі
RWB сатушы күшімен жеткізу бизнес-юнитінің басшысы Елизавета Шлеин маркетплейстер әмбебап шешім болудан қалғанын, ал тұтынушы қолайлылыққа көбірек мән беретінін атап өтті.
Сатып алушы кең ассортиментке, тиімді бағаға үйренген. Енді осы талаптарға жылдам әрі сапалы жеткізу қосылды. Тұтынушы тауарды нақты қашан алатынын, қайдан алып кететінін білгісі келеді, мерзімдердің қатаң сақталуы маңызды.
Экспресс-жеткізу азық-түлік пен дайын тағам саласында өте тиімді, себебі бұл санатта уақыт өнім құндылығының бір бөлігіне айналады. Қазіргі таңда төрт сағатқа дейінгі мерзім ұсынылып жүр, алайда компания Қазақстандағы серіктестерімен 30-90 минут ішінде жеткізу сценарийлерін талқылап жатыр. Click&Collect моделінде тауардың дайын болу мерзімі бір сағаттан басталады. DBS моделі ірі габаритті тауарларды сататындар үшін ыңғайлы, бұл сатушыға логистика процесін толық бақылауға мүмкіндік береді.
Ірі ойыншылардың сенімді таңдауы
Бүгінде Қазақстандағы Wildberries жаңа модельдерін тек шағын сатушылар ғана емес, нарықтың ірі ойыншылары да белсенді қолданып жүр. ZETA, MARWIN, iSpace, Tefal сияқты танымал брендтердің тауарлары қолжетімді. Бұл жеткізу модельдерінің эксперимент емес, толыққанды коммерциялық құрал екенін дәлелдейді. Соңғы жылдағы ішкі статистика бұл ойды растайды:
- DBS: Тапсырыстар санының орташа айлық өсу қарқыны 42%, тапсырыс сомасы 54% құрады.
- Click&Collect: Бірегей сатушылар саны 22%, тапсырыстар саны 12%, тапсырыс сомасы 52% өсті.
- EDBS: Тапсырыстар саны 6%, бірегей сатушылар саны 4% өсім көрсетті.
Бұл динамика жаңа форматтардың тиімді екенін көрсетеді, ал жүйеге қосылып жатқан қазақстандық кәсіпкерлер саны алдағы уақытта да сенімді өсе бермек.
Қазақстан нарығы: өзгеріс пен өсудің үндестігі
ТМД-дағы DBS бағытының басшысы Артем Герасимов Қазақстан толысқан e-commerce нарығының сипаттамаларын көрсетіп жатқанын атап өтті. Елдегі электронды сауданың үлесі жоғары және өсімін нық жалғастыруда.
Тұтынушылар жедел жеткізуді жиірек таңдайтын болды. Экспресс-жеткізу сатып алу жиілігін арттырады, конверсияны көтереді. Клиент баға мен алу ыңғайлылығын бағалай отырып, сатып алу туралы шешім қабылдайды.
Бүгінде жедел жеткізу Алматы мен Астанада белсенді дамып келеді. Сонымен қатар бүкіл ел бойынша ірі қалаларда жұмыс істейтін азық-түлік желілерімен келіссөздер жүргізілуде. Жаңа модельдердің мәресі айқын: қазақстандықтардың қажеттіліктері мен жергілікті бизнестің шынайы жағдайларына бейімделу. Бұл нарықтық қатынастардың еркіндігі, мемлекеттің ішкі экономикалық қуатын нығайтуға бағытталған маңызды қадам.