Қазақ әскері жаңа дәуірге аяқ басады: Президент түбегейлі реформаны жариялады
Каспийдегі қасіретті оқиғадан кейін Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери саланы түбегейлі жаңарту жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл шешім армияның өткен ғасырда қалып қойғанын мойындап, жаңа үлгідегі кәсіби әскер құруға бағытталған тарихи қадам.
Президент жаңа Қорғаныс министрін таныстырды
Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметшіні бір минут үнсіздікпен еске алудан басталған жиында Мемлекет басшысы кадрлық шешімдер қабылдағанын мәлімдеді.
«Бұл оқиға армияда олқылықтар өте көп екенін және кәсібилік жетіспейтінін анық көрсетті. Әскерді түбегейлі реформалауды іске асыратын уақыт келді. Бұл - кезек күттірмейтін мәселе», - деді президент.
Қорғаныс министрі лауазымына Айдос Мырзахметов тағайындалды. Президент оның күрделі кезеңде қызметке кірісіп жатқанын атап өтіп, батыл шешімдер қабылдау қажеттігін баса айтты.
Неліктен әскерді реформалау кезек күттірмейтін мәселеге айналды?
Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратымен өткен жиында әскери саладағы басым міндеттерді айқындаған. Оның пайымдауынша, қазіргі армия өткен ғасырдың стандарттарымен өмір сүріп жатыр.
«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған. Қолбасшылық жүйесін халықаралық үздік тәжірибеге сай қайта құру керек. Реформаның мақсаты - жаңа үлгідегі әскер жасақтау», - деді Мемлекет басшысы.
Президент армияда цифрлық трансформация жүргізіп, мүмкіндігінше адамды технологиямен алмастыруды тапсырды. Ол таптаурын шешімдер мен жалған есептердің ешкімге қажет еместігін қадап айтты.
Қорғаныс министріне жүктелген үш негізгі міндет
Бірінші міндет: бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы
Бөлінген қаржы мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға бағытталуы тиіс. Президент мақсатсыз шығын мен талан-таражға жол берілмейтінін ескертіп, әшкереленгендердің ешқайсысы жауапкершіліктен құтылмайтынын мәлімдеді.
Екінші міндет: Қарулы Күштерді заманауи қауіп-қатерлерге бейімдеу
Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, он күн ішінде әскерді реформалаудың арнайы жоспарын әзірлеуі керек. Сондай-ақ мамандарды іріктеу мен бағалаудың ашық критерийлері енгізілмек.
«Әскери лауазымдарға басшының