Freedom Банк жинақтаушы ипотека бағдарламасына 2026 жылдың қазан айында бірқатар жаңа құрылыс салушыларды қосты, деп хабарлады kaz.nur.kz. Енді қазақстандықтар бір ғана әзірлеушінің нысандарымен шектелмей, бірнеше девелопердің әртүрлі қалалардағы жобаларынан өз қалауына лайық баспана таңдай алады.
Бұған дейін аталған өнім тек BI Group компаниясының тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алуға қолжетімді еді. Бүгінде бағдарламаға 10-нан астам құрылыс компаниялар тобы мен 60-тан астам тұрғын үй кешені енді. Бұл шешім өңір тұрғындары үшін де айтарлықтай қадам, өйткені ірі қалалардағы ғана емес, еліміздің түкпір-түкпіріндегі азаматтар да жаңа баспананың иесі болу мүмкіндігіне ие бола түседі.
Қандай құрылыс компаниялары бағдарламаға қосылды?
Жаңа серіктестердің қатарында Sensata Group, AIVA GROUP, TUMAR GROUP, Meridian stroy ltd. және OKS Group бар. Олардың объектілері Freedom SuperApp қосымшасы арқылы рәсімдеуге қолжетімді. Жақын арада қосымшада тағы бір топ құрылысшы пайда болады: Akan Building, Inju, Monolit Group, Otau Group, Sat-Ns, SauletAlem, SN, Stroi Group, Арт Құрылыс және басқалары.
Компаниялар мен серіктес қалалардың тізімі әрі қарай да кеңейе бермек. Банк өз клиенттеріне қалауын, бюджетін, тұрғын үйдің орналасқан жерін, сыныбы мен жоспарлануын ескере отырып, баспана таңдауда бұдан да мол мүмкіндік беруге ниетті.
Компаниялар мен тұрғын үй нысандарының толық тізімі Freedom SuperApp мобильді қосымшасының «Цифрлық ипотека» бөліміндегі «Жинақтаушы ипотека» бөлімшесінде жарияланған.
Жинақтаушы ипотека дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді?
Жинақтаушы ипотеканың дәстүрлі ипотекадан негізгі айырмашылығы: ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде клиент бастапқы жарна ретінде 30 пайыз төлеп, тұрғын үйдің толық құнына қаржыландыру алады, жылжымайтын мүлікті таңдап, рәсімдейді және қарызды өтеуді бастайды. Сонымен қатар ол депозитте тұрғын үй құнының 50 пайызына дейін қаражат жинақтайды.
Рәсімдеу кезінде таңдалған мерзім аяқталып, депозитте үй сатып алынған құнның жартысы жинақталған сәтте, ипотека бойынша пайыздық мөлшерлеме төмендейді. Яғни, абыроймен жинақтаған азамат соңында жеңілдетілген шарттармен қарыз өтейді.
Бірінші кезеңде кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 10,5%-дан 14,5%-ға дейін (ЖТСМ: 11,01%-дан 15,49%-ға дейін) белгіленеді. Екінші кезеңде мөлшерлеме жылдық 10%-ға дейін төмендейді (ЖТСМ: 11,00%-дан 14,59%-ға дейін).
Депозиттегі сыйақы қалай есептеледі?
30% мөлшеріндегі бастапқы жарна Freedom Банк депозитіне жылдық 7% мөлшерлемемен (ЖТСМ: 7,00%) орналастырылады. Депозит бойынша есептелетін сыйақы тұрғын үй құнының 50%-ын жинақтауға және кредиттеудің екінші кезеңіне тиімдірек мөлшерлемемен ертерек өтуге мүмкіндік береді.
Жинақтау мерзімі 96 ай болғанда бұл тиімділік барынша айқын көрінеді: клиентке пәтер құнының 30%-ын өз қаражатынан салу жеткілікті, ал қалған 20%-ы банктің депозит бойынша есептеген сыйақысы есебінен қалыптасады.
Freedom Банк шотын басқа банктегі шоттан деректемелер бойынша, P2P-аударым арқылы немесе банк бөлімшесінде толтыруға болады. Қаражаттың түсу мерзімі толтыру тәсіліне қарай 3 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.
Банк өкілі не деді?
Freedom Банк Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов бұл қадамның маңызын былай түсіндірді:
«Құрылыс салушы серіктестер қатарын кеңейту жинақтаушы ипотеканы дамытудағы жаңа қадам. Біз бұл өнімге сұраныстың жоғары екенін көріп отырмыз және оны ірі қалалардағы ғана емес, өңірлердегі клиенттер де пайдалана алуы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Банк клиентке қажетті соманы жинақтауға, содан кейін ипотеканы тиімдірек шарттармен алуға көмектеседі. Алдағы уақытта Қазақстанның түрлі қалаларында жаңа серіктестіктер орнатуды жоспарлап отырмыз», деді Айдос Жұмағұлов.
Бағдарламаның негізгі шарттары
- Қарыз алушының жасы: өтінім беру кезінде 21 жастан 55 жасқа дейін, кредит мерзімі аяқталғанда 70 жастан аспауға тиіс;
- Қарыздың ең төменгі сомасы: 6 000 000 теңге;
- Қарыздың ең жоғарғы сомасы: 100 000 000 теңге;
- Өтеу кестесі: аннуитеттік немесе сараланған, клиенттің таңдауы бойынша;
- Валютасы: теңге;
- Қарызды қарастырғаны үшін комиссия алынбайды;
- Төлем қабілеттілігі скоринг жүйесі арқылы анықталады;
- Мүлікті сақтандыру талап етілмейді;
- Ішінара және мерзімінен бұрын өтеу айыппұлдар мен комиссияларсыз жүзеге асырылады.
Банк ипотеканы рәсімдеуге жауапкершілікпен қарауды ұсынады: кредиттеу шарттарын мұқият зерделеп, өз қаржылық мүмкіндіктерін объективті бағалау қажет. Міндеттемелерді уақтылы орындау өсімпұлдың есептелуіне және шартта көзделген өзге де салдардың туындауына жол бермейді.
Freedom Банкте ҚР ҚНРДА-ның 2026 жылғы 7 шілдедегі № 1.1.551.129 банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған әмбебап банк лицензиясы бар.
Жиі қойылатын сұрақтар
Жинақтаушы ипотеканың дәстүрлі ипотекадан айырмашылығы неде?
Жинақтаушы ипотека екі кезеңнен тұрады: клиент алдымен 30% бастапқы жарна төлеп, қарызды өтей отырып, депозитте үй құнының 50%-ына дейін жинақтайды. Жинақ толған сайын пайыздық мөлшерлеме төмендейді.
Бағдарламаға қандай құрылыс компаниялары кіреді?
Қазіргі таңда бағдарламаға BI Group, Sensata Group, AIVA GROUP, TUMAR GROUP, Meridian stroy ltd. және OKS Group секілді 10-нан астам компания мен 60-тан астам тұрғын үй кешені енген, ал тізім әрі қарай кеңейе бермек.
Қарыз сомасының шегі қандай?
Қарыздың ең төменгі сомасы 6 миллион теңге, ең жоғарғы сомасы 100 миллион теңге. Барлық операциялар теңгемен жүргізіледі.
