Тоқаев Астанадағы жиында елдің ең осал тұсын атады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде елорданың келбетін өзгерткен Жеңіс Қасымбектің еңбегін атап өтіп, елдің ең осал тұсы — жол сапасы екенін мойындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.
Астана — Қазақстанның айнасы
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан тарихи, тағдыршешті дәуірге қадам басты. Қоғамның барлық саласында ауқымды реформалар жүргізіліп, саяси жүйе түбегейлі жаңарды. Ел экономикасы тың қарқынмен өсіп, әр аймақта мектептер, емханалар, мәдениет және спорт нысандары бой көтеруде.
«Ұлан-ғайыр жерімізде ондаған мың шақырым автокөлік жолы мен теміржол салынуда. Бұл жұмыс тоқтамайды, Қазақстан үлкен құрылыс алаңы, басқа сөзбен айтсақ, жасампаздық мекені болуы керек», — деді президент.
Мемлекет басшысы құрылыс сапасына ерекше назар аударып, заң бұзушылардың міндетті түрде жазаға тартылатынын ескертті. Ол Астананы Қазақстанның айнасы, бетке ұстар басты қаласы деп атап, оның көркеюін қала әкімі Жеңіс Қасымбек пен оның көмекшілерінің табанды жұмысының нәтижесі деп бағалады.
Әлеуметтік мемлекет: Конституциядағы кепілдіктер
Тоқаев Қазақстанның шын мәнінде әлеуметтік мемлекет екенін айтып, Конституцияда азаматтардың тегін медициналық көмек алу құқығы бекітілгенін еске салды. Ол мұндай міндеттеменің басқа елдердің Конституциясында жоқ екенін атап өтті.
«Бір сәт Тик-Токтан бас көтеріп, мұндай міндеттеме тағы қандай елдің Конституциясында бар екенін қарап көріңіздер. Қазақстанда ғана бюджеттен төленетін медициналық көмек әр азаматқа, тіпті шетелден келген қандастарға да ұсынылады», — деді президент.
Ол ауыр дертке шалдыққан бір ғалымның Италиядан санитариялық авиациямен әкелінгенін мысалға келтірді. Сондай-ақ Тоқаев өз бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қорының ауыр науқас балаларға көмек көрсететінін еске салды.
Декреттік демалыс: Қазақстандық ерекшелік
Мемлекет басшысы Қазақстанда босанған әйелдердің үш жылға декреттік демалысқа шыққанда жұмыс орны сақталатынын айтып, мұны әлемдік тәжірибеде сирек кездесетін жеңілдік деп атады.
«Халықаралық рейтингтерде ұдайы көш бастайтын елдердің бірқатарында мұндай әлеуметтік жеңілдіктер жоқ, болуы да мүмкін емес. Ол жақта босанған аналар жарты айдан кейін қызметіне оралуға асығады, әйтпесе жұмысынан айрылады», — деді Тоқаев.
Президент бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтуды да атап өтті. Оның айтуынша, 1-4 сынып оқушыларының барлығына таңғы және түскі ас беріледі, бұл күндізгі құнардың 40 пайызын өтейді. Мәзірден шұжық, фастфуд және газдалған сусындар алынып тасталды.
«„Гүлденген социализмнің