Ұлттық қордан балаларға: «Отбасы банкі» болашаққа инвестиция жасаудың жолдарын көрсетті
Қазақстанның әр баласы бүгінде тарихта болмаған мүмкіндікке ие. Мемлекет бастапқы капитал беріп, Ұлттық қордан қаражат аударады. Бұл ақша уақыт өте миллиондаған теңгеге айналып, баланың біліміне немесе баспанасына жұмсалуы мүмкін. Ата-аналарға ең басты артықшылық: жинақты нөлден бастаудың қажеті жоқ, себебі алғашқы қадамды мемлекет жасады.
Ұлттық қор балаларға қандай капитал береді?
2024 жылдан бері Қазақстанның әр баласына Ұлттық қордың инвестициялық табысынан үлес аударылады. Бағдарламаға үш жыл қатысқан балалардың шотында қазір 370,56 АҚШ доллары жинақталған. 18 жасқа толғанда бұл қаражатты бірден пайдалануға болады: тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға жұмсауға.
Бұл сома әзірге аз болғандықтан, көптеген ата-ана оны бастапқы капитал ретінде қарастырып, «Отбасы банкіндегі» депозиттерін толықтырады. Мұны қазірдің өзінде 198 949 жасөспірім жасаған. Үш жыл ішінде олар Ұлттық қордан түскен 19,5 млрд теңгені жинақ шоттарына бағыттаған.
Бұл жастар қаржылық сауаттылықтың басты қағидатын түсінеді: ақша қозғалыста болуы керек. Өйткені кәмелетке толған соң қаражат БЖЗҚ-дағы нысаналы шотта қалса, оған қосымша табыс есептелмейді. Ал 10 жыл ішінде пайдаланылмаса, ол зейнетақы шотына аударылады.
«Отбасы банкіндегі» жинақ қалай жұмыс істейді?
- Жинаққа банктің 2% сыйақысы және 200 АЕК-тен аспайтын сомаға 20% мемлекеттік сыйлықақы есептеледі. Мемлекеттік сыйлықақыны ескергенде, депозит бойынша ЖТСМ 14%-ға жетеді.
- Тұрақты жинақтау арқылы жылдық 3,5%-дан 8,5%-ға дейінгі мөлшерлемемен тұрғын үй заемын алуға болады.
- Бастапқы жарнасы мен мөлшерлемесі төмендетілген «Наурыз» сияқты бағдарламаларға қатысу мүмкіндігі артады.
- Депозитті тұрақты толықтыру табысты растаусыз тұрғын үй заемын алуға жол ашады.
Ұлттық қордан түскен қаражатты Otbasy bank мобильді қосымшасы арқылы бірнеше қадаммен алуға болады.
«Келешек» бағдарламасы: білім капиталы қалай жинақталады?
Өткен жылдан бастап «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі жұмыс істейді. Бағдарлама аясында мемлекет бес жасқа толған балаларға бастапқы білім беру капиталын береді. Бұл қаражат «AQYL» білім беру депозиттеріне аударылып, баланың болашақтағы біліміне арналған алғашқы жинаққа айналады.
«Отбасы банкі» арқылы мұндай мемлекеттік қолдауды 35 070 қазақстандық бала алды. Жалпы сомасы 8,2 млрд теңге.
Алдағы күндері бұл сан артады. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында бес жасқа толған 15 085 баланың шотына бастапқы капитал аударылады. Олардың білім беру депозиттеріне 3,9 млрд теңге түседі. Екінші жартыжылдықта бес жасқа толатын балаларға қаражат 2027 жылғы ақпанда беріледі.
2026 жылдың қорытындысы бойынша 29 099 бала бастапқы білім беру капиталын алады. Мемлекеттік қолдаудың жалпы сомасы 7,5 млрд теңгені құрайды.
«AQYL» депозитінің шарттары қандай?
Старттық капиталды сақтап қалу үшін ата-аналар баласы кәмелетке толғанға дейін немесе білім беру ұйымына түскенге дейін «AQYL» депозитіне жыл сайын жарна салуы қажет. 2026 жылы жылдық ең төменгі жарна 24 АЕК немесе 103 800 теңге. Әлеуметтік осал топтарға жататын балалар үшін бұл сома 12 АЕК немесе 51 900 теңге.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың атына ашылған «AQYL» депозитіне міндетті жыл сайынғы жарна салу талап етілмейді.
«AQYL» депозитінде қандай сыйақылар бар?
- Банк сыйақысы 13,84% мөлшерінде есептеледі (ЖТСМ - 14,75%-дан бастап).
- Мемлекеттік сыйлықақы: барлық салымшылар үшін 5%. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға, мүгедектігі бар балаларға, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққандарға 7%.
- Тұрғын үй заемы: 3,5% - ЖТСМ 3,6%-дан 4,4%-ға дейін, 8,5% - ЖТСМ 9%-дан 9,6%-ға дейін.
«Отбасы банкі» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 15 шілде №1.1.972.134 банк заңнамасында көзделген лицензиясы бойынша жұмыс істейді.